/**/ /**/ /**/ /**/ /**/ /**/
/**/ /**/

Нөмірдің иесін ауыстыру

Шартты басқа тұлғаға қайта рәсімдеу үшін, біздің Beeline кеңселерінің біріне келуіңіз қажет.

Келесі қадамдар жүзеге асырылуы қажет:

  • Қайта рәсімдеуге жазбаша өтініш беру керек;
  • Қарызды өтеу.

Қайта рәсімдеу екі тараптың қатысуымен жүзеге асырылады. Қайта рәсімдеу қызметі тегін көрсетіледі.

Қызмет мәліметтерді және нөмірдің қаржылық жағдайын мұқият тексеруді талап етеді, сол себепті алдын ала 116 нөміріне қоңырау соғуыңызды өтінеміз (Beeline нөмірінен тегін).

Құжаттар

Жеке тұлғаларға өзімен бірге төлқұжаттарын (немесе клиенттен нотариалды куәландырылған сенімхат) ала келу керек.

Заңды тұлғаның өкіліне өзімен бірге жеке куәлігін, ұйымның мөрі басылып, бас директордың қолы қойылған қайта рәсімдеу өтінішін ала келу қажет.

Мен тегімді ауыстырдым, не істеу керек?

Егер сіз тегіңізді ауыстырсаңыз және тіркеу деректерін ауыстыруды қаласаңыз, сізге тегіңізді ауыстырғаныңызды растайтын құжатты (неке куәлігін, ажырасқаныңыз туралы куәлікті және т.с.с) көрсету қажет.

Егер мен нөмірімнің кімнің атына тіркелгенін білмесем, не істеймін?

*835# пәрменін теру арқылы нөміріңіздің кімге тіркелгенін тексере аласыз. Нөмірдің иесімен бірге, жеке куәліктеріңізді алып, Beeline кеңсесіне жолығыңыз. Егер сіз, ол адамды танымасаңыз, қайта рәсімдеу мүмкіндігін тексеру үшін 116 нөміріне қоңырау соғуыңызды өтінеміз (Beeline нөмірінен тегін).

Егер менде ауысқан нөмір (бұрын басқа оператор болған) болса, оны қайта тіркей аламын ба?

Иә. Қайта тіркеуге болады

  • Өз Beeline нөмеріңізге кері қоңырауға тапсырыс қалдырыңыз, содан кейін бос оператор Сізге өзі қоңырау соғады

    Кері қоңырауға тапсырыс тек Beeline абоненттеріне Астана уақыты бойынша 9:00-дан бастап 22:00-ға дейін мүмкін

    Қайтару
    Ваша заявка принята!
    Первый освободившийся специалист Центра поддержки клиентов позвонит вам в течение 5 минут.
Көмек және контактілер