/**/ /**/ /**/ /**/ /**/ /**/
/**/ /**/

Beeline желісіне ауысу (MNP)

Сіз өз ескі нөміріңізді сақтай отырып, Beeline желісіне ауыса аласыз!

Нөмір тегін ауыстырылады! 

Mobile Number Portability (MNP) – бұл Қазақстан Республикасы аумағында басқа ұялы байланыс операторымен байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезіндегі, абоненттің өз абоненттік нөмірін сақтап қалу мүмкіндігі.

Beeline желісіне ауысу үшін не қажет?

1.      Біздің сайтта нөмірді ауыстыруға өтініш қалдыру керек, Beeline кеңсесіне келіп жолығу керек. Мұндай жағдайда, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келіңіз. Егер нөмір сіздің атыңызға тіркелмеген болса, нөмірдің иесінен нотариалды куәландырылған сенімхат алыңыз. 

2.  «Beeline» желісіне нөмірді ауыстыруға өтініш жазыңыз.

3. Тарифтік жоспарды таңдап, Beeline-ның жаңа SIM-картасын алыңыз. Бастапқы жиынтықтың құны сіз таңдаған тарифтік жоспарға байланысты болады.

Орта есеппен нөмірді ауыстыру 10 минут уақыт алады. Нөмірді ауыстырудың ең ұзақ уақыты – сіз өтініште көрсеткен ауыстыру күнінен бастап санағанда 5 жұмыс сағаты. Операторды 60 күн ішінде, бір реттен артық ауыстыруға болмайды. Нөмірді Қазақстан Республикасы операторлары арасында ғана ауыстыруға болады.

Сізге Beeline-ның уақытша нөмірі беріледі. Нөмірді ауыстырылу аяқталған сәтте, нөміріңізге ауыстырылудың сәтті өткені туралы SMS-хабарлама келеді.

Өз телефон нөміріңізді сақтай отырып, «Beeline» желісіне ауысуға қажетті шарттар:

- нөмір сіздің атыңызға дұрыс тіркелген болуы керек. Егер нөмір қате тіркелсе, ағымдағы операторыңыздың кеңсесіне барып, нөмірді қайта тіркеңіз, содан соң біздің сайтта немесе Beeline кеңселерінде нөмірді ауыстыруға өтініш қалдырыңыз;

- нөмір сәтті ауыстырылуы үшін, ағымдағы операторыңыздың шарты бойынша қарыз болмауы тиіс;

- ағымдағы оператордың желісінде нөміріңізді тіркеу деректерінің дұрыстығын тексеру керек;

- егер нөмір дұрыс ресімделген болса, сайтта немесе Beeline кеңсесінде нөмірді ауыстыруға өтініш қалдыру керек.

Нөмірді ауыстыруға өтініш толтыру кезінде, тарифтік жоспарды және басқа да қосымша қызметтерді көрсету керек пе?

—  Иә, сізде қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын тарифтік жоспар мен қосымша қызметтерді таңдау мүмкіндігі болады.

Бұрынғы оператордан жаңа операторға теңгерімімді көшіре аламын ба?

—Өкінішке қарай, жоқ. Сізге теңгеріміңіздегі қалған қаражатты қайтару туралы өтініш жазып, бұрынғы операторға жолығу керек болады. 

Уақытша нөмірдегі теңгерімді толтыруым керек пе? Ол ауыстырылған нөмірге көше ме?

— Иә. Толтырған теңгеріміңіз ауыстырылған нөмірде қолжетімді болады

Проверить принадлежность оператору
  • Өз Beeline нөмеріңізге кері қоңырауға тапсырыс қалдырыңыз, содан кейін бос оператор Сізге өзі қоңырау соғады

    Кері қоңырауға тапсырыс тек Beeline абоненттеріне Астана уақыты бойынша 9:00-дан бастап 22:00-ға дейін мүмкін

    Қайтару
    Ваша заявка принята!
    Первый освободившийся специалист Центра поддержки клиентов позвонит вам в течение 5 минут.
Көмек және контактілер