/**/ /**/ /**/ /**/ /**/ /**/
/**/ /**/

Контактілерді импорттау

Android құрылғылары арасында

1. Google сәйкестендіру арқылы

Бұл ең қарапайым әдіс. Құрылғыда орнатылған Google сервистеріне сәйкестендіру функциясы өздігінен кіріктірілген, ол көшірілуі тиіс деректерді бұлтта сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс контактілерді көшіріп қана қоймай, нөмір жоғалған жағдайда (мысалы, телефон жоғалса), ақпараттың сақталатынына кепілдік береді. 

Телефон баптауларына кіріп, «Аккаунттар»/«Google» бөлімін таңдаңыз. «Контактілер» тармағының тұсына белгі қойыңыз да, сәйкестендіру үдерісінің аяқталғанын күтіңіз.

Енді аккаунтқа басқа смартфоннан кірсеңіз, барлық контактіңіз көрсетіліп тұрады.

2. SIM немесе SD-картаға экспорттау арқылы

«Контактілерді» таңдаңыз. «Импорт/Экспорт» кіріктірмесіне өтіңіз. Контактілерді қайдан және қайда (телефон жадысынан SIM немесе SD-картаға) импорттау керек екенін көрсетіңіз.

SIM- картаға контактілерді көшірудің бірқатар шектеулері бар: контактілер саны, 1 ретте шамамен 200 (SIM-картаның сыйымдылығына қарай) контакті көшіруге болады және есімдердің ұзындығы шектеулі. Телефон кітапшасынан SIM-картаға немесе SD-картаға контактілерді көшірген соң, карточканы алып, жаңа смартфонға салыңыз. Енді контактілеріңізді SIM-картадан немесе SD-картадан телефон жадысына көшірсеңіз болады.

Егер контактілерді SD-картаға экспорттаған болсаңыз, жаңа телефонда контактілердегі «Функциялар» мәзіріне кіріп «Экспорт/Импорт» бабын таңдаңыз да, контактілерді жады картасынан импорттаңыз.

3. Bluetooth арқылы

Ол үшін екі смартфонда да Bluetooth функциясын қосу керек. Көптеген смартфондарда көру мүмкіндігі режимі өздігінен өшіп тұратынын ұмытпау керек. Деректерді қабылдаушы смартфонды көрінетін қылып баптау үшін, Bluetooth баптауларына өтіп, тиісті амал-шарттың тұсына белгі қою керек.

Осыдан соң, телефон кітапшасын ашып, тиісті контактілерді белгілеп, бөлісуді білдіретін белгіні басу керек. Енді таңдалған контактілерді Bluetooth арқылы жіберу ғана қалады.

iOS құрылғылары арасында

«Баптаулар» мәзіріне өтіңіз > [есіміңіз] > iCloud > «iCloud резервтік көшірмесі». Егер iOS 10.2 немесе одан бұрынғы ОЖ қолданатын болсаңыз, «Баптаулар» мәзіріне өтіңіз > iCloud > «Резервтік көшірме».

iCloud-та резервтік көшірме қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. «Көшірме жасау» пернесін басыңыз. Үдеріс аяқталғанша, Wi-Fi желісінен ажырамаңыз.

Жаңа құрылғыда Apple ID сәйкестендіргіші мен кілт сөзді қолданып, iCloud-қа кіріңіз. Тиісті сауал шыққанда, резервтік көшірмені таңдаңыз. Жасалған күні мен көлемін тексеріп, оның дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз. Байланыстан ажырамаңыз және қалыпна келтіру үдерісінің аяқталғанын күтіңіз.

iOS-тан Android-қа

1. VCF-ке экспорттау

https://www.icloud.com/ сілтемесіне өтіңіз. Apple ID логинімен және кілт сөзімен профиліңізге кіріңіз. «Контактілер» иконкасын шертіңіз. Бәрін бөлу үшін CTRL+A пернелерін басыңыз. Қосымша мәзірді ашу үшін тегершік тәрізді пернені басып, одан "vCard-қа экспорттау» бабын таңдаңыз. Бүкіл нөмірлермен бірге VCF файлы жүктеле бастайды.

Келген файлды жаңа смартфонға жіберіңіз. Одан телефон кітапшасын ашып, мәзірдегі «Импорт/Экспорт» бабына кіріңіз. Деректерді импорттау көзін – жүктелген VCF файл жатқан папканы көрсетіңіз. Жазбаны қайда көшіру (телефонға) керек екенін таңдап, «Ары қарай» пернесін басыңыз.

2. Google сәйкестендіру арқылы

iPhone баптауларынан «Пошта, мекенжайлар, күнтізбелер» тармақшасын табыңыз. Жаңа тіркеу жазбасын жасаңыз. Ұсынылған сервистер тізімінен Google-ды таңдаңыз. Қызмет логині мен кілт сөзін енгізіңіз. Gmail арқылы жіберілуі тиіс мәліметтерді көрсетіңіз.

iPhone-нан Android-қа жеке контактілерді көшіруді екінші телефонда аяқтаңыз:

Баптаулардан «Аккаунттар және сәйкестендіру» тармақшасын табыңыз. «Өздігінен» жолын белгілеңіз. Нөмірлер көшірілген Gmail аккаунтын қосыңыз. Google-мен байланыс орнап, телефон кітапшасы көшіріледі.

Android-тан iOS-қа

1. Move to iOS қосымшасы арқылы

Android-құрылғыда Apple компаниясының Move to iOS ресми қосымшасын орнатыңыз.

 iOS-құрылғыда «Бағдарламалар мен деректер» экранын ашыңыз. Содан соң «Android-тағы деректерді көшіру» пернесін басыңыз.

Android құрылғыда Move to iOS бағдарламасын ашыңыз да, «Жалғастыру» пернесін басыңыз. Ашылған шарттар мен ережелерді оқыңыз. Жалғастыру үшін «Қабылдаймын» пернесін басыңыз да, содан соң – «Ары қарай» одан кейін экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Кодты іздеу» пернесін басыңыз. Экранда «Android-тан көшіру» iOS құрылғыдан «Жалғастыру» пернесін басыңыз. 10 немесе 6 мәнді код пайда болғанша күтіңіз. Келген кодты Android құрылғыда енгізіңіз.

Android құрылғыда көшірілуі тиіс деректі таңдап, «Ары қарай» пернесін басыңыз. Android құрылғыда үдерістің аяқталғаны туралы хабарлама шықса да, iOS құрылғыдағы жүктеу индикаторы соңына жеткенше екі құрылғыға да тиіспеңіз.

iOS құрылғыдағы жүктеу индикаторы соңына жеткенде, Android құрылғыдан «Дайын» пернесін басыңыз. Содан соң, iOS құрылғыда «Жалғастыру» пернесіе басыңыз да, экрандағы нұсқаулыққа қарай оның баптауларын аяқтаңыз.

2. Google сәйкестендіру арқылы

Android-құрылғыда телефон баптауларына кіріп, «Аккаунттар»/«Google» бөлімін таңдаңыз. «Контактілер» тармағының тұсына белгі қойып, сәйкестендіру үдерісінің аяқталғанын күтіңіз.

Android-тағы контактілер толық сәйкестендірілген соң, Android-тағы контактілерді iPhone-ға көшіруге болады.

iPhone «Баптауларынан»  «Пошта, мекенжайлар, күнтізбелер» тармақшасын табыңыз. «Жаңа тіркеу жазбасын қосу» функциясын көрсетіп, «Басқасы» папкасына сілтеңіз.

Ашылған терезеде «Контактілерге арналған CardDAV тіркеу жазбасы» жолы пайда болады. Баптаулардан «Аккаунттар және синхрондау» тармақшасын табыңыз. «Өздігінен» жолын таңдаңыз. Нөмірлер көшірілген Gmail аккаунтты қосыңыз. Google-мен байланыс орнап, телефон кітапшасы көшіріледі.

  • Өз Beeline нөмеріңізге кері қоңырауға тапсырыс қалдырыңыз, содан кейін бос оператор Сізге өзі қоңырау соғады

    Кері қоңырауға тапсырыс тек Beeline абоненттеріне Астана уақыты бойынша 9:00-дан бастап 22:00-ға дейін мүмкін

    Қайтару
    Ваша заявка принята!
    Первый освободившийся специалист Центра поддержки клиентов позвонит вам в течение 5 минут.
Көмек және контактілер