/**/ /**/ /**/ /**/ /**/ /**/
/**/ /**/

3G USB-модем туралы

3G USB-модемімен кез келген уақытта және кез келген жерде интернетке сымсыз қосылу!

Модемді қосыңыз, барлық баптаулар өздігінен орнатылады. Тінтуірмен бір түртсеңіз, интернеттің өзіңізге қажетті ресурсына қосыла аласыз! USB-модем тек Beeline SIM-картасымен жұмыс істейді.

Жиынтыққа не кіреді?

1. Жылдамдығы жоғары 3G USB-модем.

2. Арнайы тарифтік жоспарға қосылған және 20 ГБ интернет-трафикпен топтамасы бар SIM-карта

3. Өздігінен орнатылатын және компьютеріңіздің барлық қажетті баптауларын жүзеге асыратын бағдарламалық қамсыздандыру.

USB-модемнің мүмкіндіктері:

  • «Beeline» желісі таралған барлық аймақтағы сымсыз интернет! Мобильді интернет кез келген уақытта қасыңыздан табылады, ноутбукті өзіңізбен бірге көлікке, дәмханаға немесе саяжайға алып жүріңіз.
  • Орнатудың қарапайымдылығы – модем сізден қандай-да бір орнатуды талап етпейді.  SIM-картаны модемге орнатыңыз да, оны компьютерге қосыңыз – бағдарлама өздігінен қосылады!
  • Жылдамдық – модем GSM/EDGE және 3G желісінде 21,6* Мбит/сек-ке дейінгі жылдамдықпен жұмыс істейді.
  • Қызметтердің ақысын төлеу - USB-модем қызметтерінің ақысын ұялы байланысқа төлеген жерде төлеуіңізге болады.
  • Қызметтерді ыңғайлы басқару - USB-модем интерфейсінде бір пернені басу арқылы теңгерімді тексеруге, қосымша амал-шарттарды қосуға және өшіруге болады.

Қайдан сатып алуға болады?

Модемді Beeline Кеңселерінен және Beeline-ның басқа сату нүктелерінен алуға болады.

  • Өз Beeline нөмеріңізге кері қоңырауға тапсырыс қалдырыңыз, содан кейін бос оператор Сізге өзі қоңырау соғады

    Кері қоңырауға тапсырыс тек Beeline абоненттеріне Астана уақыты бойынша 9:00-дан бастап 22:00-ға дейін мүмкін

    Қайтару
    Ваша заявка принята!
    Первый освободившийся специалист Центра поддержки клиентов позвонит вам в течение 5 минут.
Көмек және контактілер