Beeline алаяқтармен күресуге арналған Big Data сервисті іске қосты

19 тамыз 2019 жылы

19 тамыз 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан банк хабарламалары негізінде, корпоративті клиенттерге арналған қызмет ашты. Bank Notification сервисі банктер мен шағын қаржы ұйымдарына клиенттердің карталарындағы алаяқтық транзакциялардың санын азайтуға көмектеседі, ал қолданушыларды шоттары мен карталарынан рұқсатсыз ақша қаражатын алудан қорғайды.

ҚР ҰБ статитикасына сүйенсек, 2019 жылғы 1 маусымның көрсеткіші бойынша, қазақстандықтардың айналымында 26,4 млн төлем картасы бар, бұл ретте 2019 жылғы маусым айындағы төлем карталары арқылы жасалған транзакия көлемі 2 502,3 млрд. теңге. Beeline мамандарының бағалауынша, интернетте карта бойынша жасалатын алаяқтық әрекетермен қатар ең көп таралған алаяқтықтың бір түрі SIM-карталардың дубликатын жасау болып қалып отыр. Beeline Business-тің BigData негізіндегі сервисі банктерге оператордан банк клиентінің SIM-картасының мәртебесіне қатысты online хабарлама алу арқылы, клиенттерінің шотында жасалатын алаяқтық әрекеттер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл функционал банктерге клиенттердің шотынан жоспарланбаған ақша алудың алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі.

Банктермен ақпарат алмасу абоненттің алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырылады.

«Жаңа сервис банктердің шұғыл әрекет етуіне және алаяқтық әрекеттердің алдын алуына мүмкіндік береді. Мысалы, егер ақша шетелде алынынп жатса, клиенттің нөмірінен келетін хабарламалар туралы ақпарат клиенттің роумингте жүргенін немесе алаяқтардың құрбаны болғанын жылдам анықтауға жәрдемдеседі. Бұл – өте қажет қызмет және ол дәл уақытында ашылды, ол рұқсатсыз транзакциялар санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді», - деп Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы директоры Олег Алдошин атап өтті.

Бұның алдында - 2019 жылы – ұялы байланыс қызметін қолдану деректерін талдауға негізделген, клиенттердің несие тарихынсыз-ақ қарыз алуына мүмкіндік беретін скоринг және тексеру қызметтері ашылған.

Beeline Business – бұл байланыс пен мобильді және тұрақты байланыстың кешенді шешімдерінің мультисервистік өткізушісі. Beeline Business клиенттері мәліметтерді жолдаудың әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тұрақты және мобильді телефонияға, 185-тен астам елдегі роумингке, сондай-ақ тағы басқа да қызметтерге қол жеткізе алады. Клиенттердің бизнесінің тиімділігін арттыру үшін, Business Link (FMCN), Beeline Business Box, GPRS Corporate Access, Beeline Навигатор, SMS Клик, Mobile Device Management тәрізді заманауи қызметтер жүзеге асырылды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінде көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz