Тәжірибе жинағандар пікірлері

Іріктеу байқауларынан өту кезінде үнемі қорқып жүрдім, байқауда сәтті өткенімді естігенде, қатты қуанып, өз-өзіме көңілім толды. Beeline командасыынң мүшесі болып жүргеніме 7 жыл өтті және ол үшін өте қуаныштымын. Beeline мен үшін жай ғана жұмыс емес, Beeline – менің жарқын және маңызды өмірім. Компаниядағы өз жолымды тағлымгер болып бастадым, сосын аға инженер болдым, қазір топ жетекшісімін.
Өткен жылы, қызықты жұмысымның арқасында, мен – компанияның ең үздік қызметкерлерінің қатарына кірдім. Сүйікті компаниям үзздік қызметкерлерді АҚШ-қа, Силикон алқабына жіберіп, марапаттады. Ол жерде мен көптеген әсерлер алдым, көп нәрсеге дағдыландым және ары қарай даму үшін, ынталандырушы қуатқа қол жеткіздім. Қарапайым студент бола жүріп, жақсылап тырыссаңыз, Beeline-ның жарқын командасының мүшесі болуға болатынын нақты білемін.
Ирина Обухова
Платформаларды бақылау тобының жетекшісі, Техникалық дирекция
Бір кеште, институттағы хабарландыру тақтасының жанынан өтіп бара жатып, Beeline-ның «Үшінші буын» бағдарламасының тұсаукесеріне шақырту ілініп тұрғанын байқадым. Менің тарихым сол сәттен басталады.          
Сол тұсаукесерде мен сауалнаманы толтырдым және ол басқа студенттердің көптеген сауалнамаларының ішінде кетті, осыны көріп тұрып, мүмкіндігім мол емес екен ғой деп ойладым. Бірақ, бір күні қоңырау соғылып, мені бірінші кезеңге, кейін екінші кезеңге шақырды.... Әр кезеңнің арасында қатты толқыдым, көп ойладым, қоңырауды күттім. Барлық қобалжуымның шарықтау шегі – тағлымдамадан өтуге шақырту алғаным болды! Beeline-дағы жолымның бастауы – НФС-ті қолдау бөлімінде тағлымдамадан өту болды, мұнда мен өзімді алғаш рет көптеген мүмкіндіктері бар әлеуетті команданың мүшесі ретінде сезіндім.
Содан соң Биллингтік жүйелерді қолдаудың аға әкімгері лауазымы шықты, ары қарай – Бизнес-талдау бөлімінің жетекші маманы, қазір ІТ жүйелерді жоспарлау және дамыту сарапшысымын. Осы уақыт аралығында – жүйелермен жұмыс істеп қаншама түнді ұйқысыз өткіздім, қызықты жобаларға қатыстым, көптеген адамдармен таныстым, жаңа нәрселер мен жетістіктерге жеттім. Компаниямыздағы барлық үдерістің қарқыны жоғары, ол қызметкерлерге күн сайын жаңа білім, дағды және шеберліктерге жете отырып, дамуға мүмкіндік береді. Барлық жетекшілеріме алғысымды білдіргім келеді – солардың арқасында мен осындай кәсіби биіктерге жеттім.
Жаңа бастағандарға айтарым – өзіңізді көрсете біліңіз, сонда сізді міндетті түрде байқап, бағалайды. Егер Сіз, қызметтік нұсқаулығыңыздан сәл артық жауапкершілік ала алсаңыз, егер жаңа идеяларды ұсынуға дайын болсаңыз, қиындықтардан қорықпай, кәсіби өсуге ұмтылатын болсаңыз – байқап көріңіз, ұсыныңыз, әрекет етіңіз! Бәрі өз қолыңызда! Басында қанша қиын болса да, есіңізде болсын – «Қаласаңыз – мыңдаған мүмкіндік табасыз, ал ниетіңіз болмаса – мыңдаған себеп іздейсіз»....
Төлеген Төлендин
"2Day Telecom" ЖШС-нің OSS-ті жоспарлау және дамыту сарапшысы, 
Техникалық қызмет,  2Day Telecom
          
Үшінші буын тек жағымды жақтарымен есте қалды. Өте қызықты болғанымен, аздап қорқыныш та болды: әр байқаудан соң, саған қоңырау соқпайтындай болып көрінеді))). Компания тарапынан сондай жылылық күтпесем де, оған міндетті түрде кіруді қаладым. Негізгі жұмыс үдерісіне кедергі келтіретін қарапайым тәжірибеден өтуші емес, өзімнің қажеттілігімді сезіндім. 22-кабинеттің қабырғасында берілген білім, білім деңгейімді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар желі мен компанияның құрылымы туралы жалпы түсінік берді. Жаңа буынға өз білімін үйретуші тәжірибелі адамдармен бірге жұмыс істеу қатты ұнады.
Бағдарлама – жоғары деңгейдегі телекоммуникация саласына кіруге мүмкіндік берді (сол кезде студент болғанымызға қарамастан). Барлығы бірден кіріп кете алмайтын әлемге итермеледі. Тәжірибеден өту нәтижесінде, коммутациялық платформалардың РЦМУ бөліміне қабылдандым, менің ойымша бұл ең қызықты бөлім, өз кезегінде Ақтөбе филиалы маған есіктерін айқара ашты.
Үйреткендеріне, шыдамдылық танытқандарына және сенім білдіргендеріне көп рахмет.
Дина Кужахметова
Ақтөбе қалалық филиалының Техникалық дирекция инженері
Алғашқы әсерім – бір жерден өтілуі тиіс қарапайым тәжірибе болды. NSS бөліміне кездейсоқ тап болдым. Тәжірибеден өту кезінде бөлім қызметкерлеріне келіп, көп сұрақ қоятынмын. Кейбір істерді әрең орындадым, кейбірі оңай болды, ақыр соңында бөлімнің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер туралы түсіне бастадым. Бір айдай жұмыс істеп, осы бөлімге кездейсоқ келгенім, сәтті сәйкестік болып табылғанын түсіндім.          
Дмитрий Брусинцов
Техникалық дирекция инженері
«Үшінші буын» бағдарламасынан көп нәрсе күттім! Мақсатым – компанияда жұмысқа қалу болды. Негізгі басымдық бөлімімдегі жұмыстың, яғни жұмыста тікелей кездесетін мәселелердің ерекшеліктерін зерттеу болды. Менің күткенім 100% қанағаттандырылды. Келесі маңызды басымдық – ұжымда жұмыс істеу болды, себебі жақсы ұжым – сәтті жұмыстың кепілі. Мұнда да бәрі тамаша болып шықты!           
Менің ойымша «Үшінші буын» бағдарламасы – бұл компанияның жұмысы туралы білуге тамаша мүмкіндік, ал ең бастысы өзіңізге не қажет екенін және немен жұмыс істегіңіз келетінін білу. Бұл жаныңызға жақын жұмыс таңдау мүмкіндігі!
Тәжірибе маған кәсіби өсуге, жақсы адамдармен танысуға, ең бастысы жұмыс орынын таңдауда жан жақты қарап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік берді!
Енді, тәжірибеден кейін өз мақсатыма жеткен кезде – алдымда компания жұмысшысы ретінде ұмтылатын басқа мақсаттар тұр!!!
Николай Быковских
Техникалық дирекция инженері

«Үшінші буын» бағдарламасы студенттер үшін тамаша мүмкіндік. «Үшінші буын» - бұл студент үшін өте маңызды жұмыс тәжірибесі! Институтты бітірген соң, жұмыс іздеу барысында, ТӘЖІРИБЕ аса маңызды. Ал «КаР-Тел» тәрізді ірі компанияда тәжірибеден өту – бұл «екі есе плюс». «Үшінші буын» - бұл білімнің үлкен қазаны! Институтта алған білімің жұмыс барысында қолданылады, сонымен қатар көптеген жаңалықтарды білесің. «Үшінші буын» - бұл жастар үшін өмір мектебі. Себебі қаншама іріктеу байқауынан өтіп, өзіңді үздік сезінесің, өз басым, өзімді болашақ инженер ретінде бағалай бастадым!
Сондай-ақ маған, тәжірибеден өту кезінде ақы төленетіні ұнады, себебі бұл - студент үшін аса маңызды!
Компанияда жұмыс істеп жүргеніме бір жыл бболды. Жұмысым өзіме ұнайды. «Үшінші буын» бағдарламасына көп рахмет!
Индира Абитова
Техникалық дирекция инженері
«Үшінші буын» бағдарламасына аңдаусызда тап болдық. Институттағы әдеттегі күндердің бірі болатын, электромагнитті толқындардың берілу теориясы бойынша қарапайым дәріс жүріп жатқан, аудиториямызға кафедра өкілі кіріп: «Акт залына жиналыңдар! Beeline келді!», - деді. Шынымды айтсам, Beeline-да тағлымдамадан өтуге тағлымгер іріктеліп жатқанын білмеппін, бірақ ол туралы білген соң, қатысайын деп шешім қабылдадым.           
Бірінші кезекте айта кететін жайт, тағлымгерлерді іріктеуге Компаияның байсалдылықпен қарағаны таң қалдырды. Ірітеудің әртүрлі төрт кезеңі, бір орынға 10 адамнан келетін байқау! Бәрінен бұрын үшінші кезең – іскерлік ойын қуантты. Өте қиын болғанымен, сонымен қатар көңілді, әрі қызықты болды.
Барлық кезеңдерден өткен соң, мені BSS-бөліміне жіберді, мұнда маған бәрінен де ынтымақтастық және іскерлік мүдде жағдайы ұнады. Сонымен жұмыс үрдісіне жылдам кіріп кеттім.
Маған ұнаған тағы бір жай – Компания қызметкерлері тарапынан тағлымгерлерге деген тілектестік: егер сұрасаңыз, ешкім көмек көрсетуден немесе кеңес беруден бас тартпайды. Жұмыс жөнінде өзіңді қызықтыратын барлық нәрсені, басқа біреуге сілтеп жібереді деп қорықпай сұрауға болады, саған бәрін көрсетіп, түсіндіріп береді және тәжірибеде қолданып көруге мүмкіндік береді (бұл өте маңызды). Жалпы айтқанда, тағлымдама мен күткендегіден асып түсті және оған бірінші кезекте бөлім қызметіне тікелей қатысу ықпал етті, яғни дәрістеріміз біткен бетте, мен инженерлермен бірге сайтта жүріп, жабдықтармен жұмыс істедім.
Beeline тағлымдамасы маған келесілерді берді:
·         ұжымда жұмыс істеу дағдысы;
·         Компания қызметі туралы жалпы, соның ішінде бөлімнің қызметі туралы түсінік;
·         Қолданыстағы жабдықтармен жұмыс дағдысы;
·         нысандарға жиі барудың арқасында, қаланы және облысты жақсы білу.
Осылай, тағлымдамадан өткен соң және оның нәтижесі бойынша таныстыруымды қорғағаннан кейін, алдағы уақытта немен айналысатынымды нақты білдім.
«Үшінші буынға» бір ғана тілейтінім: осы жолдан таймасын! 
Чечин Антон
Техникалық дирекция инженері
«Үшінші буын» бағдарламасына мен 2007 жылы, біздің АЭжәнеБИ институтына Beeline компаниясының қызметкерлері келіп, кейінірек жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар тәжірибеден өтуге шақырғаннан кейін,  қатыстым. 5-курс студенті болғандықтан мен өтініш бердім. Іріктеу және сынақтамадан өту кезеңдері қызықты, әрі маңызды болды, соның нәтижесінде бірнеше адам компанияда тәжірибеден өту құқығына ие болдық. Менің тәжірибем BSS бөлімінде өтті, оның жетекшісі бізге барлық жағдайды жасады. Бірден жұмыс орындары бөлініп, базалық станциялар мен техникалық нысандарға бару ұйымдастырылды. Бөлім инженерлері бізге желінің қалай құрылып, қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Бізге арналған тренингтер ұйымдастырылып, онда бізге бір ай бойы әртүрлі ТД бөлімдері бойынша дәріс оқыды. Тәжірибеден өткен соң, мені компанияда жұмыс істеуге шақырды.      
Тәжірибе мені компаниямен таныстырды, бастапқы жұмыс тәжірибесін берді, ол маған кейіннен өте керек болды. Жұмысым өте қызық, ұжымым тату – міне бұл менің қазіргі жағдайым.  
Алла Завадская,
Техникалық дирекция инженері
«Үшінші буын» бағдарламасына қатысу үшін, маған  төрт кезеңнен тұратын іріктеуден өту керек болды. Әр кезеңнен өткен сайын, компания тағлымгерлерінің қатарына кіруге деген ниетім арта түсті. Әр кезең алдыңғысынан қызық болғанын көре отырып, «Үшінші буын» бағдарламасы көптеген жаңалықтарды, қызықты жайттарды ашатынын және болашақ мамандығымды таңдауға көмектесетінін түсіндім.
Менің ойымша, менің күткенім орындалды. Тағлымдамадан өту барысында, мен компания жұмысы туралы біліп қоймай, сонымен қатар тамаша адамдармен – өз ісінің шеберлерімен таныстым, олар мені қызықтыратын кез келген сұраққа жауап беруге дайын.  
"Үшінші буын" бағдарламасы өте маңызды деп ойлаймын, себебі:  
·         біріншіден, ол тағлымгерге компания туралы бәрін білуге мүмкіндік береді;
·         екіншіден, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі;
·         үшіншіден, тағлымдамадан өту кезінде компания, адамды, оның қасиеттерін бағалап, оны Beeline командасына қабылдау туралы шешім шығарады.
Аюпов Руслан
Техникалық дирекция инженері