Біздің бизнес

Компаниялар тобының құрамына «2Day Telecom» ЖШС мен «TNS-Plus» кіреді.

 «2Day Telecom» ЖШС «Үйдегі Интернет» және Beeline Business сауда белгілері бар, ҚР-ның территориясындағы алдыңғы қатарлы тұрақты байланыс операторларының бірі болып табылады.

Компания Қазақстан Республикасының территориясында телекоммуникациялық қызметтердің кең шоғырын – Интернет желісіне қосылу, телефония, мәліметтерді жолдау – ұсынады. 

Баламалы оператор #1

«Үйдегі Интернет» - FTTB технологиясы бойынша жылдамдығы жоғары сымды интернет қызметі. Қызметке 25 қалада қосылуға болады, еліміздің шамамен 1 200 000 ғимаратын қамтыған. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан бойынша 380 000-астам абонент қосылған.

2009 жыл – алдыңғы қатардағы оптикалық талшықты технология бойынша «Үйдегі Интернет» қызметі ашылды, сол жылы Алматы қаласында 723 үй қосылды.

2010 жыл — 3 198 үй және 11 871 клиент қосылды, сондай-ақ 4 аймақта FTTB құрылысы басталды, олар: Астана, Қарағанды, Жезқазған, Петропавл.

2011 жыл — 20 қалада FTTB желісінің құрылысы аяқталды.

2012 жыл — 100 мыңыншы абонент қосылды.

2013 жыл — Қазақстанда алғаш рет интернеттің жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін өсті.

2014 жыл – Рудный (Қостанай обл.), Балқаш және Абай (Қарағанды обл.), сондай-ақ Хромтау (Ақтөбеобл.) қалалары қосылды.

2015 жыл – мультимедиялық контент пен BeeTV сандық телевидениесіне қосылудың жаңа интерактивті қызметі ашылды. 

Клиенттерге арналған барлық қызметтер бір брендпен

Beeline Business Қазақстанның байланыс қызметінің корпоративтік  нарығында мобильді және тұрақты қызметтердің толық топтамасы бар алғашқы бренд болды. Бұл секундына 1 Гбитке дейін және одан жоғары жолдау мүмкіндігі бар, жылдамдығы жоғары Интернет, жабық корпоративтік желілердің ұйымы, қалааралық және халықаралық телефония.

2014 жылы Beeline Business «3G арнасы арқылы кеңселік интернеттің қорын қалыптастыру» қызметін бастады. Қызмет - интернеттің сенімділігі үшін, тәуелсіз екі технологияны - сымды және сымсыз технологияларды біріктірді.  

 «Еуропа – Азия» байланысының ең қысқа жолы

TNS-Plus – халықаралық және қалааралық байланыс жүргізушісі.

Желі ҚР-ның түгелге жуық ірі қалаларымен, облыстық және әкімгерлік орталықтарын қамтиды және үш резервтік сақинаға ие, бұл компания қызметтерінің толық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Байланыстың талшықты-оптикалық желілерінің жалпы ұзындығы – 12 000 шақырымнан асады.

Компания халықаралық трафик транзитін жүзеге асырады, Еуропадан Азияға байланыс жолдаудың ең қысқа жолын қамтамасыз ете отырып, корпоративтік клиенттерге арналған халықаралық арналарды ұсынады. Шекараға шектес халықаралық байланыс операторларымен трансшекаралық өткелдер – сыйымдылығы 100 гБит/сек 11 сыртқы торап - ұйымдастырылған.