Менің шексіздігім

Менің шексіздігім

Науқан аяқталды

Клиенттеріміз видео-қызметтерді, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұрынғыдан да көп қолдануда, ал біз оларға қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдеткеніміз үшін қуаныштымыз!


YouTube, YouTube Kids, Instagram, Twitch, TikTok, Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber және Snapchat  ресурстарына шексіз трафик негізгі абоненттік төлем ұсталған жағдайда, 2020 жылғы 8 қаңтарға дейін беріледі.

Акция келесі тарифтік жоспарларда әрекет етеді: «Бәрі 1490 promo», «Бәрі 1790 promo»,  «Бәрі S»,  «Бәрі M»,  «Бәрі L», «Бәрі 550 архивтік, «Бәрі 1990 архивтік», «Бәрі 2090 архивтік», «Бәрі 2990 архивтік», «Бәрі бар 550 архивтік», «Қалайсың архивтік», «Бәрі 1590 бонус».

Назар аударыңыз! Вконтакте сервисі мен басқа да әлеуметтік желілерде трафиктің 2 түрі бар: меншікті ішкі, ол – шексіз, және аздаған сыртқы – техникалық трафик, баннердегі жарнама, кіру санағыштары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің парақтарында басқа сайттардан орналастырылатын (YouTube, Rutube, Vimeo және басқалары) видеолар. Ондай трафик тариф жоспарының негізгі топтамасынан жұмсалады. Шексіздіктерді қосымшаларға кіріктірілген барлық мессенджерге де алуға болады (мысалы, Facebook және Facebook мессенджері). 

YouTube сервисінде де трафиктің 2 түрі бар: негізгі ішкі – ол видеоконтенттің өзі, және аздаған сыртқы – баннердегі жарнама, кіру санағыштары, техникалық трафик, олар тарифтің негізгі топтамасынан шығындалады, себебі оны техникалық тұрғыдан YouTube трафигі ретінде есептеу мүмкін емес. YouTube-ке берілетін шексіз трафик ішкі трафикке және өз видеоконтентіңді жүктеуге мүмкіндік береді. Сыртқы трафикті алмау үшін және тариф жоспарының трафигін шығындамау үшін, ресми қосымшаларды қолдануға кеңес береміз. 

Видеоны 720p (HD) дейінгі сапада көруге болады. 

Қызметтерге шексіз қол жеткізу мобильді қосымшалар арқылы да, веб-нұсқалар (браузерлер) арқылы да ұсынылады.

WhatsApp, Telegram және барлық мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі шексіз трафик хабарлама алмасуға, кез келген файлды, фотоны, аудио- және видеожазбаны жіберуге, сондай-ақ онлайн видео-таратылымға, аудио- және видеоқоңырауға беріледі. 

Егер тариф жоспарының интернет-топтамасы мен теңгерімдегі қаражат бітіп қалса, қызметке қосылу бұғатталады. 

Сондай-ақ, телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса және смартфон модем режимінде пайдаланылса (интернет-трафик таратушыда да, оған қосылғанда да) әлеуметтік желіге шексіз қосылу мүмкіндігі берілмейді, трафик негізгі топтамадан жұмсалады.

  • Өз Beeline нөмеріңізге кері қоңырауға тапсырыс қалдырыңыз, содан кейін бос оператор Сізге өзі қоңырау соғады

    Кері қоңырауға тапсырыс тек Beeline абоненттеріне Астана уақыты бойынша 9:00-дан бастап 22:00-ға дейін мүмкін

    Қайтару
    Ваша заявка принята!
    Первый освободившийся специалист Центра поддержки клиентов позвонит вам в течение 5 минут.
Көмек және контактілер