/**/ /**/ /**/ /**/ /**/ /**/
/**/ /**/

Жеке кабинеттің офертасы

Beeline сайтында Жеке кабинетті (Абоненттердің сервистері мен қызметтерін басқару және өздігінен қызмет көрсету жүйесінің WEB-интерфейсін) пайдалану шарттары (бұдан әрі «Ережелер» деп аталады).

1. Терминдер мен анықтамалар

Оператор  — өз қызметін ҚР заңнамасына және «Beeline» сауда белгісі үшін лицензияны беру шарттарына сәйкес жүзеге асыратын «Кар-Тел» ЖШС.

Жеке кабинет / Жүйе — өздігінен қызмет көрсету және сервистер мен қызметтерді басқару жүйесінің автоматтандырылған WEB-интерфейсі, ол арқылы Абонентке тіркелгеннен кейін өз нөмірін басқару мүмкіндігі беріледі. «Beeline» нөмірін басқаруға нөмірге қызметтерді қосу/сөндіру, тарифтік жоспарды ауыстыру, жеке шоттағы ақша қаражаттарына иелік ету, пайдаланылған қызметтер бойынша детализация алу, сондай-ақ өзге әрекеттерді жетілдіру жатады.

«Менің Beeline» ұялы қосымшасы  —  абоненттік құрылғыға орнатылатын және Абонентке Оператордың қызметтерін қосуға/сөндіруге, сондай-ақ осы қызметтің ақысын Банктік картаны пайдалану арқылы төлеуге мүмкіндік беретін ұялы қосымша. Қосымша Жеке кабинеттің логині мен құпия сөзін пайдалана отырып, WEB-интерфейсі арқылы сервистер мен қызметтерді басқаруға мүмкіндік береді. Үйдегі интернет қызметін пайдаланушылардың «Менің Beeline» ұялы қосымшасында Жеке кабинетке қолжетімдігі жоқ. 

Абоненттік құрылғы — Абонент белгілеген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электрлік байланыс дабылдарын қалыптастыратын алдын ала орнатылған Android, iOS, Windows Phone операциялық жүйесі бар смартфонның немесе планшеттің түрінде дербес пайдаланылатын байланыс құралы.

Құпия сөз — Жеке кабинетке қолжетімдікке арналған әріптік-сандық код.

Абонент — Beeline нөмірін пайдаланатын немесе Оператормен Үйдегі интернет қызметін ұсыну үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.

Логин  — «Beeline» қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес DEF коды немесе символдардың сандық-әріптік комбинациясы түрінде айқындалған, қауіпсіздік талаптарына сай келетін және өзіне-өзі қызмет көрсету және сервистер мен қызметтерді басқару жүйесінде идентификациялау мүмкіндігі бар абонентік нөмір.

Тіркеу — Жеке кабинетте тіркеу үшін логинді немесе құпия сөзді бастапқы енгізу.

Авторластыру (сәйкестендіру) — Жеке кабинетті және/немесе «Менің Beeline» қосымшасын пайдалануға қолжетімдікті ұсынатын мақсаттар үшін Абоненттің логинді және құпия сөзді енгізуі.

Банктік карта — ұстаушы болып табылатын Абонент байланыс қызметтерінің немесе ғаламтор желісіне қолжетімдік қызметтерінің ақысын төлеу үшін пайдаланатын несиелік, дебиттік, электрондық және классикалық банктік карта.

Оператордың сайты —  http://www.beeline.kz/.

Өзіне-өзі қызмет көрсету және сервистер мен қызметтерді басқару жүйесінің WEBинтерфейсі — (WEB-интерфейс) – Абоненттің кесімді жабдығын Ғаламтор желісі арқылы пайдалану арқылы Оператор Абонентке ұсынатын өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін, сервистер мен қызметтерді басқаруды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.

Абоненттің дербес деректері — белгілі немесе олардың негізінде белгіленген Абонентке қатысты электрондық, қағаз және (немесе) өзге материалдық тасығышта ұсынылатын мәліметтер.

Серіктестер —  Оператормен арада жасалған Шарттың негізінде кез-келген қызметтерді сапалы көрсету немесе ілгерілету мақсатында, соның ішінде Оператордың жұмыс үдерістеріне қызмет көрсету үшін Оператор жұмысқа тартатын тұлғалар.

2. Жалпы қағидалар

2.1. Жеке кабинет арқылы Абонентке қосу үшін қолжетімді сервистер мен қызметтер туралы ақпаратты қарап шығу, оларды қосу және сөндіру, сондай-ақ жеке шоттың теңгерімін, көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты (детализациялау) қарап шығу, банктік картаны пайдалану арқылы қызметтер мен сервистер үшін төлемдер жүргізу мүмкіндігі ұсынылады. Қолжетімді сервистер мен қызметтердің тізімі Жеке кабинетте көрсетілді, оларды қосу/сөндіру тәтібі, құны және пайдалану шарттары Оператордың сайтында көрсетілді. Абонент Жеке кабинет орналасқан Оператордың Сайтында WEB-парағында немесе «Менің Beeline» ұялы қосымшасы арқылы тіркеуден/сәйкестендіруден өткеннен кейін оған Жеке кабинетке қолжетімдік беріледі.

2.2. Осы Ережелердің 2.1 т. көрсетілген қызметтерді пайдалану шарттары, құны және оларды тарифтеу шарттары Оператордың Сайтында көрсетіледі. Осы қызметтерге тапсырыс беру арқылы Абонент оларды пайдалану шарттарымен, құнымен және оларды тарифтеу тәртібімен танысқан және келіскен болып есептеледі.

2.3. «Менің Beeline» ұялы қосымшасы Абонентке қарапайым айрықша емес лицензияның жағдайында «өз күйінде» пайдалану үшін ұсынылады және Абонент Жеке кабинеттен бөлек пайдалана алады. Осы мақсаттарда Абонент Қосымшаны жүктейді, ол логин мен құпия сөзді пайдалану арқылы авторластырған кезде қолжетімді болады. Осы қосымшаның атқарымы Оператордың Сайтында Жеке кабинетке кірген кезде Абонентке қолжетімді сервистен өзгешеленуі мүмкін.

2.4. Қызметтерді көрсету шарттарын өзгертуге байланысты Абоненттің Жеке кабинетті пайдалану арқылы сервистер мен қызметтерді басқару жөніндегі барлық әрекеттері Beeline байланысының қызметтерін көрсету туралы шарттың қағидаларын тиісті өзгерту/толықтыру болып табылады.

2.5. Жеке кабинетте келтірілген Абонент және оның операциялары туралы ақпарат үшінші тұлғаларға таратылмауы тиіс, егер бұл Операторға қызметтерді/сервисті көрсету үшін қажет болған жағдайларды, сондай-ақ осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларды ескермегенде.

2.6. Өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамытуға байланысты Абонент үшін қолжетімді сервистердің тізімін Оператор Жеке кабинетте және «Менің Beeline» ұялы қосымшасында Абонентке алдын ала хабарламай өзгерте алады, ал осы Ережелер Оператор қабылдаған шешімге сәйкес өзгертіледі.

2.7. Жеке кабинеттің деректерін Оператор маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін пайдалана алады.

2.8. Оператор Жеке кабинетті Абоненттерге байланыс қызметтерін көрсету тәртібінің, ұсынылатын қызметтердің тізімінің, шарттары мен құнының өзгеруі туралы, сондай-ақ Оператордың және/немесе Серіктестердің өзге қызметтері турады ақпараттандыру үшін пайдалана алады.

Қызметтерді басқару сервисі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылады. Оны қарама-қайшы пайдаланған жағдайда Абоненттің қолжетімдігі дереу тоқтатылады.

2.9. Абоненттің Жеке кабинетті пайда алу мақсатында және коммерциялық мақсаттарда пайдалануға құқығы жоқ.

2.10. Жеке кабинетті және «Менің Beeline» ұялы қосымшасын пайдаланғаны үшін төлем есептелмейді және өндіріп алынбайды. «Менің Beeline» ұялы қосымшасы Қазақстан Республикасы бойынша  Beeline желісінде генерациялайтын ғаламтор трафик төленбейді. Роумингте (желіішілік және халықаралық) трафик Оператордың сайтында белгіленген Оператордың тарифтеріне сәйкес төленеді. Опцияларды, қызметті қосу құны немесе жаңа тарифтік жоспарға ауысу Оператордың Сайтында жарияланған тиісті тарифтік жоспарға сәйкес анықталады.

2.11. Жеке кабинетте тіркелу арқылы немесе «Менің Beeline» ұялы қосымшасы арқылы немесе әлеуметтік желінің есептік жазбасы арқылы авторластырылған Абонент өзіне тиесілі Дербес деректерді кез-келген әдіспен, соның ішінде әлеуметтік желілерден алу арқылы  жинауға, сақтауға, өңдеуге, сондай-ақ ұсыныстарды қалыптастыру және абонентке қызметтер мен сервистер көрсету, маркетингтік зерттеулер жүргізу мақсатында серіктестерге табыстауға өз келісімін береді. Оператор абоненттік шарт әрекет ететін мерзім ішінде, сондай-ақ абоненттік шарттың әрекет ету мерзімі аяталғаннан кейінгі үш жыл ішінде абоненттердің дербес деректерін сақтауға, өңдеуге құқылы. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету турады шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін дербес деректерді осылай сақтау ұялы байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты немесе содан туындайтын мәселелер бойынша сот тергеулері болған жағдайда осы деректерді дәлелдер ретінде пайдалану ықтималымен шартталады.

2.12. Абонент өз Дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген жағдайда немесе келісімін қайтарып алған жағдайда, соның ішінде Серіктестер арқылы қайтарып алған жағдайда Абонент бас тарту туралы тиісті арызға қол қоюға міндеттеледі. Абонент өз келісімін қайтарып алған жағдайда немесе дербес деректерін өңдеу үшін келісімін бермеген жағдайда Оператор Абонентке оның дербес деректерін өңдеу талап етілетін қызметтерді көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға құқылы.

Үшінші тұлғалардың келісімінсіз, олардың деректерін тіркеген кезде пайдалану факті анықталған жағдайда Оператор Абоненттің Жеке кабинетке қолжетімдігін бұғаттауға құқылы.

3. Өзіне-өзі қызмет көрсету және сервистер мен қызметтерді басқару жүйесінің WEB интерфейсін ұсыну және пайдалану тәртібі.

3.1. Оператордың сайтының WEB-парағында немесе «Менің Beeline» ұялы қосымшасы арқылы Жеке кабинетке алғаш рет кірген кезде Оператор тіркеу рәсімінен өтеді, ол мынадай әдістермен жүргізілуі мүмкін:

3.1.1. Абонент Жеке кабинетке немесе «Менің Beeline» ұялы қосымшасында өзінің телефон нөмірін арнайы нысанда енгізу арқылы құпия сөзді сұратады және жауап ретінде құпия сөз келтірілген SMS-хабарламаны алады. Логинін (өзінің ұялы телефонының нөмірін немесе e-mail мекен-жайын) және құпия сөзін енгізу арқылы Абонент Жеке кабинетте тіркеледі. Құпия сөзді және/немесе логинді қате енгізген жағдайда тіркеуден бас тартылуы мүмкін.

3.1.2. Құпия сөзді алу үшін Абонент Оператордың кеңсесіне тікелей жүгінеді;

3.1.3. Оператордың сайтында немесе «Менің Beeline» ұялы қосымшасының интерфейсінде көрсетілген өзге әдіспен.

3.2. Жеке кабинетті пайдалану «Beeline» байланыс қызметтерін көрсетуттуралы қолданыстағы шарттың аясында қосулы сервистер мен қызметтерді басқару мүмкіндігін, сондай-ақ абоненттік құрылғыда Жеке кабинетке енгізілген барлық пайдаланушылық деректерді сақтау мүмкіндігін береді.

3.3. «Beeline» байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың немесе Үйдегі интернет қызметін көрсету шартының әрекеті тоқтатылған сәттен бастап Beeline Жеке кабинетіне қолжетімдік тоқтатылады. Сондай-ақ Абонент аталған Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда (соның ішінде көрсетілген байланыс қызметтері үшін берешекті төлемеген кезде) немесе осы Ережелердің қағидаларында қарастырылған жағдайларда қолжетімдік уақытша тоқтатылуы мүмкін.

3.4. Жеке кабинетті пайдалану мақсатында, сондай-ақ Жеке кабинетке және сервистер мен қызметтерді басқаруға қолжетімдік берілген үшінші тұлғалардан өз жабдығын қорғау және күйлеу мақсатында Ғаламторға қолжетімдікті өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

3.5. Абонент Beeline арқылы тіркелгеннен кейін немесе «Менің Beeline» ұялы қосымшасы арқылы активациялаған кейін Жеке кабинетте барлық әрекеттерді осы Абонент (нөмірдің иесі) орындады деп есептеледі, рұқсат етілмеген қолжетімдік үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде болғаны дәлелденбегенше. Абонент осы Ережелерге және өзіне-өзі қызмет көрсету дүйесінің атқарымына енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Абонент оны пайдалануды тоқтатуға құқылы. Өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесінің WEB-интерфейсін пайдалануды жаңғырту Абоненттің туыды өзгерістермен келісетіндігін растайтынын білдіреді.

4. Жауапкершілік

4.1. Абонент Жеке кабинетте тіркелген кезде алған, олардың көмегімен Жеке кабинетке және «Менің Beeline» ұялы қосымшасына қолжетімдік беретін құпия сөздің және/немесе логиннің жоғалғаны үшін немесе оларды үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік тартады, сондай-ақ құпия сөзді және/немесе логинді жоғалту немесе оларды үшінші тұлғаларға табыстау салдарынан келтірілген бардық тәуекелдер мен залалдарды өз мойнына алады. Абоненттің Жеке кабинетке және/немесе активацияланған «Менің Beeline» ұялы қосымшасына қолжетімдігі ықтимал өзінің Абоненттік құрылғысын пайдалану мүмкіндігін үшінші тұлғаларға беруі және WEB-параққа кіру үшін алынған құпия сөзді ауыстыру үшінші тұлғалардың Жеке каьинетті рұқсат етілмеген пайдалануы салдарынан Операторды жауапкершіліктен босату үшін сөзсіз негіздемесі болып табылады.

4.2. Акцтивация коды келтірілген SMS-хабарламаны 4259 қысқа нөміріне жолдау бойынша Абоненттің әрекеттері осы Абоненттің оның нөмірін және Жеке кабинетін басқару мүмкіндігін оның нөмірі мен Жеке кабинетін басқаруды сұратқан басқа Абонентке ұсыну болып табылады.

4.3. Өзінің Жеке кабинеті мен нөміріне қолжетімдікті және басқаруды ұсынуға келісімін бере отырып, Абонент осы Абоненттің байланыс сервистері мен қызметтерін басқару жөніндегі әрекеттері үшін, сондай-ақ нөмірдегі қызметтерді қосу және сөндіру бойынша, тарифтік жоспарды қосу және өзгерту бойынша, детализацилауды алу бойынша, сондай-ақ осындай тұлғаның қолжетімдік Абоненттің Жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылатын барлық құпия ақпаратты және дербес деректерді пайдалануы үшін бар жауапкершілікті өзіне қабылдайды

4.4. Өзінің нөмірі мен Жеке кабинеті басқа Абоненттің басқаруына келісім берген Абонент Оператор Жеке кабинетте қарастырған әдістермен басқа Абоненттің Жеке кабинетін ажыратуға мүмкіндігі бар.

4.5. Жеке кабинеттің және «Менің Beeline» ұялы қосымшасының сервистерін, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әртүрлі дербес парақтарға жалғауды пайдалана отырып, Абонент Оператордың сайтының жұмысқа жарамдылығына және Жеке кабинеттің сервистерін пайдаланудың дұрыстығына залал келтіруі мүмкін сертификатталмаған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдаланғаны үшін жауапкершілік тартады. 

4.6. Абонент Оператордың өзіне-өзі қызмет көрсету және сервистер мен қызметтерді басқару жүйесін жосықсыз пайдалануға кедергі келтіретін, сондай-ақ оны пайдану жағдайларын анықтаған кезде жедел әрекет ету бойынша тисті шараларды қабылдауға міндеттеледі. Оператор өзінің кінәінен, болмаған Абоненттің Жеке кабинетін және «Менің Beeline» ұялы қосымшасының сервистерін рұқсат етілмеген пайдаланғаны үшін, сондай-ақ Абоненттің сервистерді пайдалану және қосылған қызметтерді басқару жөніндегі дұрыс емес әрекеттерінің нәтижесі болып табылатын әрекеттер үшін жауапкершілік тартпайды.

4.7. Оператордың желісінде жүргізілетін техникалық және профилактикалық жұмыстарға байланысты, Жеке кабинет орналасқан Оператордың сайтымен қосылысты орнату мүмкін болмаған байланыс сеансының үзілуі нәтижесінде, Жеке кабинеттің атқарымдарын өзгерту салдарынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың әрекеттеріне байланысты Жеке кабинеттің және «Менің Beeline» ұялы қосымшасының атқарымында үзілістердің туындауы нәтижесінде Абонентке келтірілген тікелей және жанама залал үшін Оператор жауапкершілік тартапайды.

Осы Шарттарда тікелей қарастырылмаған барлық қалған жағдайларда «Beeline» байланыс қызметтерін пайдалану туралы шарттың қағидалары қолданылады.

5. Жеке кабинетті басқару

5.1. Абоненттің (бұдан әрі осы тарауда «1-Абонент» деп аталады) басқа Абоненттің (бұдан әрі мәтін бойынша «2-Абонент» деп аталады) келісімімен 2-Абоненттің Жеке кабинетін өзінің Жеке кабинетіне қосу мүмкіндігі болады, бұл 1-Абонентке 2-Абоненттің нөмірін қосымша авторластырусыз басқаруға мүмкіндік береді.

1-Абонент 2-Абоненттің Жеке кабинетін қосып алуды өзінің Жеке кабинеті арқылы, 2-Абонентке сауал жіберу арқылы бастамалай алады. Жеке кабинетті қосып алу (нөмірін басқару) туралы сауал 1-Абоненттен 2-Абонентке мынадай әдістермен жіберіледі:

2-Абонентке сауалды жолдау және Жеке кабинетте көрсету арқылы. Егер 2-Абонентті e-mail немесе SMS сауал арқылы ақпараттандыру күйленсе, онда 2-Абоненттің Жеке кабинетіндегі күйлеулерге байланысты қосып алу туралы сауал e-mail немесе SMS арқылы жолданады. 2-Абонент қосып алумен келіскен жағдайда ол арқылы Жеке кабинеттерді қосуды өзінің Жеке кабинеті растайды.

2-Абонент Жеке кабинетте тіркелмеген жағдайда 1-Абоненттен қосылу туралы сауал оған SMS-хабарлама арқылы жолданады.

Жеке кабинетке қосу үшін 2-Абонентке арнайы активациялау коды бар 4259 нөміріне SMS жіберу қажет.

5.2. Нөмірді басқару дегеніміз нөмірге қызметті қосу / сөндіру, тарифтік жоспарды ауыстыру, жеке шоттағы ақша қаражаттарын басқару, Абоненттің нөмірі бойынша қызметтік және өщге ақпаратты алу, сондай-ақ қызметтерді пайдалану бойынша детализациялау және Жеке кабинет арқылы жасалатын өзге әрекеттерді білдіреді.

5.3. 1-Абонентке өз нөмірін басқаруға келісімін бере отырып, 2-Абонент 2-Абоненттің нөмірін басқару бойынша 1-Абоненттің әрекеттерімен байланысты барлық тәуекелдерді өзіне қабылдайды.

5.4. 1-Абоненттің 2-Абонентке нөмірді басқару туралы сауалды жолдау жөніндегі әрекеттері 2-Абоненттің Жеке кабинетін қосып алу жән нөмірлерін басқару бойынша 1-Абоненттің офертасы болып табылады.

5.5. 2-Абоненттің Жеке кабинетін қосып алуға және өз нөмірлерін басқаруға келісімін растауы бойынша әрекеттер 1-Абоненттің офертасына қатысты акцептпен келісу болып табылады.

5.6. 2-Абоненттің нөмірлерін басқару үшін 1-Абоненттің қолжетімдік алу тәртібі және 2-Абоненттің 1-Абонентке өз нөмірлерін басқару мүмкіндіктерін беру мүмкіндігі:

5.6.1. 1-Абонент my.beeline.kz Жеке кабинетінде авторластырылады.

5.6.2. 1-Абонент өзінің Жеке кабинетінен 2-Абонентке оның Жеке кабинеті және «Менің Beeline» қосымшасы арқылы 2-Абоненттің нөмірін басқаруға келісімін растауды өтінішін жолдайды.

5.6.3. Жүйе 2-Абонентке код келтірілген SMS жібереді, 1-Абонентке 2-Абоненттің нөмірін басқару үшін өз келісімін растау мақсатында кодты SMS хабарламамен 4259 қысқа нөміріне жібереді.

5.6.4. 2-Абонент растау коды келтірілген хабарламаны 4259 қысқа нөміріне жібереді.

5.6.5. Жүйе 2-Абонентке келіп түскен хабарламаның мәтінін тексереді. Егер растау коды дұрыс болса, онда Жүйе 2-Абонентке активация кодын SMS хабарламамен жібереді.

5.6.6. 2-Абонент өзіне ыңғайлы кез-келген әдіспен 1-Абонентке активация кодын жібереді.

5.6.7. 1-Абонент 2-Абоненттен алған активация кодын өзінің Жеке кабинетіне енгізеді және 2-Абоненттің нөмірін толық басқаруға қолжетімдік алады. 

5.6.8. 2-Абонент өз нөмірін 1-Абонентке толық басқаруға табыстағаны туралы хабарлама келтірілген SMS алады.

Активация коды бойынша ақпарат:

Активация кды 24 сағат ішінде әрекет етеді.

Кодты 3 рет қатарынан қате енгізген кезде кодтың күші жойылады.

Егер 2-Абонентке басқа абоненттерден бірнеше сауалдар келген жағдайда әрбір жеке сауалдың өз коды болады.

6. Өзге шарттар мен шектеулер.

6.1. Абненттің Жеке кабинетті және «Менің Beeline» ұялы қосымшасын пайдалануды бастау үшін осы Ережелерде қарастырылған әрекеттерді жасауы Абоненттің осы Ережелермен және оларда келтірілген шектеулерді толық және сөзсіз келісетіндігін білдіреді.

6.2. Жеке кабинетте тіркеу Абоненттің осы Ережелердің барлық қағидаларымен келісетіндігін білдіреді.

6.3. Барлық сервистер мен қызметтердің атқарымдары Абонент пен Оператор арасында жасалған Beeline байланыс қызметтерін ұсыну туралы шарттың және Абонент таңдаған тарифтік жоспардың талаптарына сәйкес Абонентте Ғаламтор желісіне қолжетімдік болған кезде ғана Абонент үшін толық көлемде қолжетімді болады.

6.4. Осы Ережелерді қабылдай отырып, Абонент Оператордан Оператор мен Серіктестер ұсынған тарифтік жоспарлар, ұсыныстар, қызметтер, науқандар туралы материалдар мен ақпаратты алуға, сондай-ақ оларды өзгерту немесе қысқарту туралы мәліметті Абонент Жеке кабинетте көрсеткен электрондық поштаға (e-mail) және/немесе SMS-хабарламалар арқылы алуға өз келісімін білдіреді. Е-mail таратылымға жазылуды болдырмау үшін Жеке кабинетте көрсетілген электрондық мекен-жайға келіп түскен хаттың төменгі бөлігінде «Жазылуды болдырмау» сілтемесін басу қажет.

6.5. Жеке кабинеттің және «Менің Beeline» ұялы қосымшасының сервистерін пайдаланған кезде, сервистер мен қызметтерді қосуды басқару үшін сервистер мен қызметтерді қосу үшін қазетті техникалық атқарымдарды қолдай алмайтын абоненттік терминалдардың кейбір түрлерін пайдалануға байланысты шектеулер болуы ықтимал.

6.6. Оператор  осы Ережелерді кез-келген уақытта өзгертуге және (немесе) толықтыруға құқылы, бұл үшін Оператордың сайтында ақпаратты жариялау арқылы немесе абоненттерге SMS-хабарламалар тарату арқылы немесе Оператор белгілеген өзге әдістермен Абоненттерге хабарлауы тиіс. Осындай кез-келген өзгерістен кейін Абоненттің Жеке кабинетті және «Менің Beeline» ұялы қосышасын одан әрі пайдалануы Абоненттің осындай өзгерістермен және/толықтырулармен келісетіндігін білдіреді.

Осы Ережелерде тікелей қарастырылмаған барлық қалған жағдайларда Абонент пен Оператор «Beeline» байланыс қызметтерін пайдалану туралы шартты басшылыққа алады.

  • Өз Beeline нөмеріңізге кері қоңырауға тапсырыс қалдырыңыз, содан кейін бос оператор Сізге өзі қоңырау соғады

    Кері қоңырауға тапсырыс тек Beeline абоненттеріне Астана уақыты бойынша 9:00-дан бастап 22:00-ға дейін мүмкін

    Қайтару
    Ваша заявка принята!
    Первый освободившийся специалист Центра поддержки клиентов позвонит вам в течение 5 минут.
Көмек және контактілер