/**/ /**/ /**/ /**/ /**/ /**/
/**/ /**/

Құпиялылық саясаты

26.02.2018 жылғы № 092/18 бұйрыққа №1 қосымша
«КаР-Тел» ЖШС-ң Абоненттердің дербес деректерін жинауға,
өңдеуге және қорғауға қатысты саясаты
«КаР-Тел ЖШС» компаниясы (бұдан әрі - Компания) Сіз өз дербес деректеріңізді ұсына отырып, бізге сенім білдіргендеріңізді бағалайды, және оларды қорғау мақсатында техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық сипаттағы барлық қажетті шараларды қолданады. Біздің қандай дербес деректерді жинап, оларды қалай өңдеп және қорғайтынымызды білу үшін осы Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты саясатпен (бұдан әрі – Саясат) мукият танысыңыз.
Компания туралы ақпарат
«КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 980540000397, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Қ. Жалайыри көш., 2 үй, телефон: 8 (727) 350 06 06, Компанияның сайты: www.beeline.kz
Жалпы ережелер
Біз осы Саясатты (бұдан әрі - Саясат) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау чаласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірледік.
Саясатта біз келісім алу тәсілдерін, жиналатын дербес деректер тізімін, оларды жинау және өңдеу мақсаттарын, Компания мен абоненттердің міндеттерін, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қабылдайтын шаралар тізімін ашып көрсетеміз.
Саясат абоненттердің дербес деректерін жинау және өңдеу бойынша Компанияның негізгі қызметін жариялайтын, көпшілікке қолжетімді құжат болып табылады. Сасяат қызмет көрсету және сату кеңселерінде және Компанияның сайтында танысу үшін қолжетімді.
Сіз Компанияға ұсынған дербес деректер құпия ақпарат болып табылады. Біз Сіздің деректеріңізді қорғау бойынша ішкі ережелерді әзірледік және оларды үнемі өзектендіреміз, және қызметкерлеріміздің осы ережелерді дұрыс орындалуын қадағалаймыз. Компанияның әрбір қызметкері өзінің атқарымдық міндеттерін орындау үшін қолжетімді болатын құпия ақпаратты жарияламауы туралы міндеттемеге қол қояды.
Дербес деректерді жинау және өңдеуге келісім алу
Біз Сіздің қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріңізді тек қана Сіздің келісіміңізбен жинаймыз және өңдейміз.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Компания абоненттерге Қызметтер көрсету туралы шарт болған жағдайда ғана қызмет көрсетеді, бұл шартты жасасу тәртібі мен талаптары байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен тиісті ережелерде белгіленген, Біз шартымыз жария болып табылады және Компаниямыздың кеңселері мен сайтында танысу үшін қолжетімді. Жария шартты жасасу аталған шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тіркеу нысанын толтыру және қол қою арқылы оған қосылу ретінде жүргізіледі.
Тіркеу нысанында дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім туралы тарау бар, оған қол қою арқылы Сіз Компанияға тіркеу нысанына қол қойған кезде өз бетіңізше ұсынған және шарт бойынша қызмет көрсету барысында Компания үшін қолжетімді болатын барлық дректерді жинауға және өңдеу келісім бересіз.
Дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін абонент Компанияның сайтындағы жеке кабинеті арқылы электрондық құжаттың, электрондық хабарламаның көмегімен немесе Компанияның анықтамалық қызметі хабарласқан кезде жазбаша түрде айтқан деректерді ұсыну арқылы бере алады.
Жиналатын дербес деректердің тізбесі
Осы Саясат Сіз Жария шартқа қосылу үшін ұсынатын, біздің ақпараттық қызметке жүгінген уақытыңызда берілетін, Компанияның сайтында жеке кабинетінде толтырылатын және қызметтерді ұсыну барысын Компания алатын дербес деректеріңізге де қолданылады.
Компания дауыстық байланыс, төтенше қызметтерді шақыру және СМС жіберу қызметтері кіретін ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін жинайтын дербес деректердің тізімімен Компанияның сайтында таныса аласыз.
Негізгі ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін жиналатын дербес деректердің тізімі ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасауға қажетті ең азы болып табылады және абоненттің осы деректерді міндетті көрсетуіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған.
Осы Саясат үшінші тұлғаларға тиесілі ақпараттық ресурстарда жиналған немесе Сіз біздің байланыс желілерімізді пайдалана отырып, өз бетіңізше берген ақпаратқа таралмайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық
ресурстарында дербес деректерді қорғау туралы өз Саясаты болуы мүмкін. Компания абоненттердің үшінші тұлғалар Компанияның қызметтерін пайдалану арқылы жіберген ұнамсыз қысқа мәтіндік немесе өзге хабарламаларын алғаны үшін жаапкершілік тартпайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарын пайдалануды бастар алдында және оларға өз дербес деректеріңізді ұсынбас бұрын осы ресурстардың Құпиялылық саясатын зейін қойып оқып шығуға және өзіңіздің дербес деректеріңізді таратуға барынша абай болуға кеңес береміз.
Сіз Компаниядан қолда бар дербес деректердің тізімін, мақсаттарын, дереккөздерін, дербес деректерді жинау және өңдеу тәсілдерін, сондай-ақ оларды өңдеу мен сақтау мерзімдерінен тұратын ақпаратты сұрауыңызға болады. Сұратым жасау абоненттерге қызмет көрсетілетін кеңселерде жазбаша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
іздегі дербес деректеріңізді өзгерту немес толықтыру сондай-ақ Сіздің жазбаша өтінішіңізбен және дербес деректеріңіздің өзгерісін растайтын құжаттарды ұсынуыңыз арқылы жасалады.
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары
Біз дербес деректерді абонентен арадағы өз қызметімінді көрсету туралы шарттың талаптарын орындау мақсатында, Компаниямыздың серіктестернің, Компаниямыздың өкілдерінің қызметтерін, соның ішінде Компанияға үшінші тұлғалар көрсетететін және Компания үшінші тұлғаларға көрсететін қызметтерді, конвергентті қызметтерді көрсету мақсатында, ұсынылатын қызметтер мен қызмет көрсетулердің сапасын жақсарту, маркетингтік белсенді шараларды өткізу, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және ұсыну, абоненттер мен пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсету тәртібі мен шарттарының өзгеруі туралы ақпараттандыру, абоненттер мен Компанияны Компанияның қызметтерін пайдаланумен байланысты алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында, мемлекеттік органдарға фискальды есеп ұсыну, дебиторлық берешекті өндіріп алу мақсатында, сонымен қатар абоненттер мен пайдалнушылардың конкурстар мен жарнамалық науқандарға қатысуы, сондай-ақ Компания мен үшінші тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жинаймыз және өңдейміз.
Абоненттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімін қайтарып алуы
Сіз дербес деректерді жинау және өңдеу туралы Компанияға берген келісіміңізді кері қайтарып ала аласыз. Алайда дауыстық байланыс, төтенше
қызметтерді шақыру және СМС жіберу қызметтері кіретін негізгі қызмет түрлерін көрсету үшін Сіздің дербес деректеріңіздің қажет екендігін ескеру қажет. Бұл жағдайда өз келісіміңізді кері қайтарып алу Компания және оның серіктестері көрсететін қызметтердің кейбір немесе барлық түрлерін тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін.
Келісіміңізді кері қайтарып алу үшін Компанияның сату және қызмет көрсету бөлімшелеріне жүгініп, жазбаша өтініш беруіңіз қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.
Егер Компанияның алдындаорындалмаған міндеттеріңіз болса немесе өзге заңнамалық шектеулер болса, онда дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісіміңіз кері қайтарып ала алмайсыз
Сіз қызметтердің қосымша түрлерін көрсетуімізге қажет дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісіміңізді кері қайтарып ала аласыз. Бұл жағдайда кері қайтарып алынатын дербес деректермен байланысты қызметтер ғана өшіріледі.
Қосымша қызметтерді қайта қосу үшін Компанияның сату және қызмет көрсету кеңселерінде жазбаша өтініш, сондай-ақ дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге қатысты келісіміңіз талап етілуі мүмкін.
Дербес деректерді сақтау мерзімі
Біз Сіздің дербес деректеріңізді Компанияға ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарты бойынша дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына жетуге қажетті мерзім ішінде, аталған шарттың әрекеті тоқтағаннан кейін 2 және Сіз қол қойған келісімге сәйкес сақтаймыз.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректерді өңдеу мақсатына жеткеннен кейін Сіздің дербес деректеріңіз жойылады немесе тұлғасыздандырылады.
Компанияның дербес деректерді қорғау бойынша қолданатын шаралары
Сіздің дербес деректеріңізге қолжетімділік өзінің атқарымды міндеттерін орындау үшін осы деректер қажет Компанияның қызметкерлеріне ғана ұсынылады.
Біздің барлық қызметкерлеріміз құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемелерге қол қояды, сонымен қатар абоненттердің дербес деректерін қорғауға қойылатын талаптарды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы ескертілді.
Сіздің дербес деректеріңіз ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін біздің электрондық базаларымызда сақталады.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарын жүзеге асыру үшін біз Сіздің дербес деректеріңізді өз серіктестерімізге трансшекаралық түрде ұсына аламыз. Дербес деректердің серіктестерге ұсыну ұсылатын дербес деректердің құпиялылығы мен заңдылығы қағидаларына негізделеді. Әр серіктеспен абоненттердің дербес деректерін және басқа құпия ақпараттарды жарияламау туралы шарт жасалады. Серіктеспен жасалатын шартта біз абоненттердің дербес деректерін олардың келісімінсіз немесе өзге заңнамалық негізсіз таралуына жол бермеу жөніндегі талаптарды қарастырамыз.
Дербес деректерді көбейту және бейіндеу
Біз Сіздің дербес деректеріңізді Сізден қосымша ақпарат сұрату арқылы немесе ашық дереккөздерден, мысалы жалпыға қолжетімді әлеуметтік желілердегі аккаунттардан ақпарат алу арқылы толықтыра немесе нақтыландыра аламыз.
Дербес деректерді көбейту және бейіндеу осы Саясатта көрсетілген жинау және өңдеу мақсаттарында ғана жүргізіледі және бізге Сіз үшін қызықты және тиімді ұсыныстар жасауға көмектеседі.
Саясаттың өзгеруі
Компания осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы. Саясаттың жаңа басылымы Компанияның сайтында жарияланған сәттен бестап күшіне енеді, егер Саясаттың жаңа басылымында өзгеше көзделмесе. Біз осы Саясаттың өзектілігін жүйелі түрде тексеруге кеңес береміз. Саясат өзгертілгеннен кейін Компанияның қызметтерін пайдалануды жалғастыра отырып, Сіз Саясатқа енгізілген өзгерістермен келісетініңізді растайсыз.
  • Өз Beeline нөмеріңізге кері қоңырауға тапсырыс қалдырыңыз, содан кейін бос оператор Сізге өзі қоңырау соғады

    Кері қоңырауға тапсырыс тек Beeline абоненттеріне Астана уақыты бойынша 9:00-дан бастап 22:00-ға дейін мүмкін

    Қайтару
    Ваша заявка принята!
    Первый освободившийся специалист Центра поддержки клиентов позвонит вам в течение 5 минут.
Көмек және контактілер